Қытайлық инвесторлар Ұлытау облысында 10 млрд теңгеге бірнеше ірі жобаларды жүзеге асырмақ
Zhonghe Yuǎnjǐng (Чэнду) қытай компаниясы қазақстандық серіктестермен Ұлытау облысына шамамен 10 миллиард теңге көлемінде инвестиция құюды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Жәнібек Нөпіровтің төрағалы

Zhonghe Yuǎnjǐng (Чэнду) қытай компаниясы қазақстандық серіктестермен Ұлытау облысына шамамен 10 миллиард теңге көлемінде инвестиция құюды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.
Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Жәнібек Нөпіровтің төрағалығымен Zhonghe Yuǎnjǐng (Чэнду) қытай инвесторларымен кездесу өтті. Компания Ұлытау облысына шамамен 10 миллиард теңге көлемінде инвестиция құюды жоспарлап отыр.
Инвестициялық жобалардың ішінде қызыл кірпіш зауыты, глина мен құмды-қиыршық тас қоспаларын өндіру және Жезказған қаласында тұрғын үй кешендерін салу (оның ішінде реновация жобалары) бар. Инвесторлар облыс аумағымен танысып, әсіресе Талап ауылындағы бос жер учаскелерін зерттеді. Қазіргі таңда қызыл кірпіш зауыты үшін жер мәселесі, сондай-ақ жалпы пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия алу мәселелері талқылануда.
Компания өңірде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға үлкен қызығушылық танытып отыр. Облыс әкімдігі ұзақ мерзімді серіктестік жергілікті экономиканы дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға айтарлықтай үлес қосады деп сенеді.
Related

Ulytau Region
Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен өңір ақсақалдарымен кездесті
Жаннұр Еділбаева·

Ulytau Region
Юные художники из Казахстана покорили Лондон и вошли в число лучших талантов мира
Жаннұр Еділбаева·

Ulytau Region
Кәсіби мерекеде ұлытаулық БАҚ қызметкерлері баспаналы болды
Жаннұр Еділбаева·

Ulytau Region
Ұлытау облысында «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтті
Жаннұр Еділбаева·