Todayinfo.kz
NewsView all articles

Қытайда мүшеқап пен контрацептивтерге қосымша салық енгізілді: жаңа демографиялық қадам

Қытай мүшеқаптар мен контрацептивтерге салықты қайта енгізіп, туу көрсеткішін көтеруге кірісті.

By Мұхтар Жексенбай··1 min read
Қытайда мүшеқап пен контрацептивтерге қосымша салық енгізілді: жаңа демографиялық қадам

Қытай үкіметі халық санының азаюына қарсы нақты қадам жасады — 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүшеқап пен контрацептивтерге 13% ҚҚС салығы енгізілді. Бұған дейін бұл тауарлар үш онжылдық бойы салықтан босатылған болатын.

Бұл өзгеріс Қытайда туу көрсеткішінің бірнеше жыл қатарынан төмендеуіне жауап ретінде қолға алынды. Жаңашыл қадам жастардың бала сүюге деген ынтасын арттырып, отбасын құруды қолдауға бағытталған.

Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Соңғы жылдары Қытай үкіметі бала тәрбиесіне арналған жәрдемақыларды табыс салығынан босатып, жыл сайынғы арнайы төлемдер енгізген еді. Сонымен қатар жоғарғы оқу орындарына «сүйіспеншілік сабағы» сияқты жоба енгізіп, отбасылық құндылықтарды насихаттауға тырысып жатыр.

2023 жылғы Желтоқсанда өткен Орталық экономикалық жұмыс конференциясында ел басшылығы некеге және бала сүйюге оң көзқарас қалыптастыруды тағы да баса айтты.

Қытай неге туу көрсеткішін арттыруға сонша мүдделі?

1980 жылдан 2015 жылға дейінгі бір бала саясаты мен жылдам урбанизация елдегі демографияға кері әсер етті. Қазір жастар арасында жоғары өмір сүру құны, бала тәрбиесі мен білімінің шығыны, сонымен қатар еңбек нарығындағы тұрақсыздық – оларды отбасын құру шешімінен алыстатып отыр.

Сарапшылар бұл төмендеу алдағы жылдары да жалғасуы мүмкін екенін ескертіп келеді. Сондықтан Үкімет әртүрлі тетіктер арқылы жастарды бала сүюге ынталандыруға тырысуда. Соның бірі – контрацептивтерге салынатын салықты қайта қарау.

Бұл өзгеріс кімдерге әсер етеді?

Жаңа салық, бірінші кезекте, контрацептив өнімдерді пайдаланып жүрген азаматтар мен осы тауарларды сататын кәсіпкерлерге әсер етеді. Сонымен қатар бұл шешім арқылы мемлекет жастардың отбасы институтына деген көзқарасын өзгертуді көздеп отыр.

Бұндай жанама жолмен болса да, Қытайдың болашақтағы демографиялық тепе-теңдігін сақтауға талпынысы айқын байқалады.

Related

Қытайда мүшеқап пен контрацептивтерге қосымша салық енгізілді: жаңа демографиялық қадам · Todayinfo