Todayinfo.kz
NewsView all articles

Қытайда тағы бір қауіпті вирус тарап, 2800 адамға жұқты

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында бір апта ішінде чикунгунья безгегінің 2 892 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл туралы Қытайдың орталық телеарнасы 3 тамыз күні хабарлады. 🔹 Ауру жұқтырғандардың басым бөлігі — Фошань қаласынан (2770 жағдай); 🔹 Ауыр түрдегі жағдайлар мен өл

By Мейіржан Әуелханұлы··2 min read
Қытайда тағы бір қауіпті вирус тарап, 2800 адамға жұқты

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында бір апта ішінде чикунгунья безгегінің 2 892 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл туралы Қытайдың орталық телеарнасы 3 тамыз күні хабарлады.

🔹 Ауру жұқтырғандардың басым бөлігі — Фошань қаласынан (2770 жағдай);
🔹 Ауыр түрдегі жағдайлар мен өлім-жітім тіркелмеген;
🔹 Вирус комарлар арқылы таралады.

🦟 Қауіп қайдан?
Гуандун провинциясының ауруларды бақылау орталығының сарапшысы Кан Миньнің айтуынша, індеттің күрт таралуын тежеу мүмкін болды, бірақ тасқын маусымы мен комарлар санының артуы эпидемиямен күреске кедергі келтіруде.

🔍 Алдын алу шаралары:

  • Тұрып қалған суды жою;

  • Комарларды улау;

  • Шақпаудан сақтану (тырнақша торлар, репелленттер қолдану).

🔬 Қытай ғалымдары комар жегіш комарлар (жыртқыш түр) арқылы вирус тасымалдаушылардың санын азайтуға тырысып жатыр.

🦠 Чикунгунья деген не?
Бұл — вирус арқылы таралатын ауру, адамға қан сорғыш жәндіктер, әсіресе кейбір түрдегі комарлар арқылы жұғады. Бұл жәндіктер денге, сары безгек секілді басқа да қауіпті инфекцияларды таратады.

🌏 Вирус Африка, Үндістан, Оңтүстік-Шығыс Азия, Мексика, Гватемала сияқты тропикалық аймақтарда кең таралған.

🛑 Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) 2025 жылдың шілдесінде эпидемия қаупі жоғары екенін ескертті. Вирусқа қарсы нақты ем жоқ. Қауіп аймағында 5,6 миллиард адам тұрады.

📢 ҚХР Сыртқы істер министрлігі туристер үшін қауіпсіздік қамтамасыз етілетінін және ахуал бақылауда екенін мәлімдеді.

Related

Қытайда тағы бір қауіпті вирус тарап, 2800 адамға жұқты · Todayinfo