Todayinfo.kz
NewsView all articles

Қытайда тас жолдың опырылуынан қаза тапқандар саны 24-ке жетті

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясындағы Майда (Мэйчжоу-Дабу) экспресс жолының бір бөлігінің опырылуынан болған апатты оқиғадан қаза тапқандар саны 24-ке жетті. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жазды. — 20 көлікке зақым келді. 30 адам ауруханаға жатқызылды, олардың өміріне қа

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Қытайда тас жолдың опырылуынан қаза тапқандар саны 24-ке жетті
Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясындағы Майда (Мэйчжоу-Дабу) экспресс жолының бір бөлігінің опырылуынан болған апатты оқиғадан қаза тапқандар саны 24-ке жетті. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жазды.
— 20 көлікке зақым келді. 30 адам ауруханаға жатқызылды, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, - деп хабарлады жергілікті билік.

Мэйчжоу қаласы үкіметінің хабарлауынша, қирау түнгі сағат 2:10 шамасында Мэйчжоу қаласындағы тас жолдың 184,3 шаршы метр аумақты алып жатқан бөлігінде болған.

Аэрофотосуреттер трассаның бір жағы опырылып, көліктердің төменге қарай құлағанын көрсетті.

 

Related

Қытайда тас жолдың опырылуынан қаза тапқандар саны 24-ке жетті · Todayinfo