Todayinfo.kz
NewsView all articles

Қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

Мемлекет тарапынан азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы мен сеніміне ерекше басымдық беріл еді. Бұл ретте , Мемлекеттік қызмет істері агенттігі нің аумақтық департаменттері көрсетілетін мемлекеттік қызмет тер дің мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың немесе

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

Мемлекет тарапынан азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы мен сеніміне ерекше басымдық беріледі.

Бұл ретте, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттері көрсетілетінмемлекеттік қызметтердің мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне және шешімдеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.

Осылайша, ағымдағы жылдың 23 қаңтарындакөрсетілетін қызметті алушы азаматша К. алкоголь өнімдерін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге лицензия беру мемлекеттiк көрсетілетін қызметібойынша өтініші түсіп, берілген лицензия талапқа сәйкес еместігі, яғни, лицензияда қызметін жүзеге асырушы объектінің мекенжайы толық жазылмағандығын баяндаған.

Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік кірістер органдары болып табылады.

Осы орайда, Агенттіктің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен қабылданған шаралар негізінде көрсетілетін қызметті алушының бұзылған құқықтары толық қалпына келтірілді, яғни, қате берілген лицензияға өзгерістер енгізіліп, қайта ресімделді.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

Related

Қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді · Todayinfo