Todayinfo.kz
NewsView all articles

Қызылорда әкімі реформа жайлы: «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін»

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ардагерлермен кездесіп, Конституциялық реформаның негізгі қағидатын атады. Жиынға Мұхтар Алтынбаев та қатысты.

By Мұхтар Жексенбай··1 min read
Қызылорда әкімі реформа жайлы: «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін»

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ардагерлер қауымымен және өңір зиялыларымен кездесіп, алдағы Конституциялық реформаны талқылады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

«Достық үйінде» өткен кездесуге Халық Қаһарманы, армия генералы Мұхтар Алтынбаев пен Түркі мемлекеттері ұйымы ақсақалдар кеңесінің мүшесі, дипломат Икрам Адырбеков сияқты белгілі тұлғалар қатысты. Аймақ басшысы өз сөзінде еліміздің жаңа тарихи кезеңге аяқ басқанын атап өтіп, реформаның маңыздылығына тоқталды.

"Президентіміздің бастамасымен қолға алынған саяси науқандарды жүзеге асыруда Сыр жұртшылығы береке-бірліктің үлгісін көрсетіп келеді. Елдігіміздің басты нышаны саналатын жаңа құжатта 'Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін' қағидаты айқындалған. Бұл бастамалар ардагерлеріміздің ақыл-кеңесімен, тұрғындардың сұранысына сәйкес іске асады", - деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Кездесуде Мұхтар Алтынбаев, Икрам Адырбеков және басқа да қоғам қайраткерлері сөз алып, реформаны қолдайтындарын білдіріп, өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берді. Олар жаңа Конституция жобасында мемлекеттің іргелі негіздері мен басты құндылықтары заманауи талаптарға сай жаңғыртылғанын атап өтті.

Сондай-ақ жиында Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда Қызылорда қаласында жалпы құны 100 млрд теңгеге жуық бірнеше медициналық нысанның салынатынын жариялағаны еске салынды. Өткен аптада перзентхана, емхана және көпбейінді аурухананың іргетасы қаланғаны белгілі болды.

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Related

Қызылорда әкімі реформа жайлы: «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» · Todayinfo