Қызылорда облысында құрдасын өлтірді деген күдікпен 2 жасөспірім ұсталды
Қызылорда облысында екі жасөспірім тоғызыншы сынып оқушысын өлтірді деп айыпталып жатыр, деп хабарлайды Massaget.kz . Полиция департаментінің баспасөз қызметі жасөспірімнің өлімі туралы ақпаратты растады. «Кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу а

Қызылорда облысында екі жасөспірім тоғызыншы сынып оқушысын өлтірді деп айыпталып жатыр, деп хабарлайды Massaget.kz.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі жасөспірімнің өлімі туралы ақпаратты растады.
«Кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, екі жасөспірім күдікті ретінде ұсталып, қамауға алынды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер айтылмай отыр. Іс Қызылорда облысының полиция департамениі бастығының бақылауында.
Қайғылы оқиға 18 мамырда Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты ауыл округтерінің бірінде болды. 9 және 11-сынып оқушылары төбелесіп қалған. Соққыдан жасөспірімдердің бірі құлап, есін жоғалтқан.
Related

News
Алматыдағы перзентханада көз жұмған жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды
Айғаным Нариманова·

News
Мұхтар Жәкішевтің қызы шетелдікке тұрмысқа шықты
Айғаным Нариманова·

News
Алматыда Қырғызстанның экс-премьерінің ұлы қамауға алынды
Айғаным Нариманова·

News
Житель Павлодара пытался поджечь подъезд жилого дома
Жаннұр Еділбаева·