Әлеуметтік желілерде балабақша тәрбиешісінің балаларға дөрекілік танытқан сәттері түсірілген кадрлар тарады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Видеодағы әйел баланы қолынан сілке тартып, үстелге қарай сүйреп апарады. Бұл кадрлар желі қолданушыларының арасында алаңдаушылық тудырды. Олар құзырлы органдардан тиісті шара қолдануды сұрады

Қызылорда облыстық Полиция департаменті бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау дерегіне  қатысты полициямен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, оның ішінде полиция бейнежазбаларды зерттеуде. Облыстық білім басқармасына тиісті ұсыныс енгізілді, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.