Todayinfo.kz
NewsView all articles

Қызылордада қыс ортасынан ауғанда алғаш рет қалың қар жауды

Қызылорда қаласында биыл алғаш рет қалың қар жауды. Облыс орталығы — Қызылорда қаласында бүгін таңертең алғаш рет қалың қар жауды. Биыл мұндай көлемде әзірге қалың қар жаумаған еді. Ал облыстың солтүстігінде орналасқан Арал мен Қазалы аудандарында қар қаңтар айының алға

By Мейіржан Әуелханұлы··2 min read
Қызылордада қыс ортасынан ауғанда алғаш рет қалың қар жауды
Қызылорда қаласында биыл алғаш рет қалың қар жауды.

Облыс орталығы — Қызылорда қаласында бүгін таңертең алғаш рет қалың қар жауды. Биыл мұндай көлемде әзірге қалың қар жаумаған еді.

Ал облыстың солтүстігінде орналасқан Арал мен Қазалы аудандарында қар қаңтар айының алғашқы аптасында жауды.

Облыс орталығының тұрғындары Жаңа жыл мейрамын қарсыз қарсы алды.

қар
Фото: Нұрболат Нұржаубай

«Қазгидромет» Қызылорда филиалының бөлім басшысы Әйгерім Жөкелованың айтуынша, 24 қаңтарда Қызылорда қаласында қалыңдығы 1-2 сантиметр қар жауған.

Бүгінгі жауған қар 5 сантиметрге жетті. Бұдан кейін қар 28-29 қаңтар күндері жауады деп болжанып отыр.

қар
Фото: Нұрболат Нұржаубай

«Кейінгі жылдарда Сыр өңірінде қар аз жауатын болып жүр. Бұрын қардың түсуі қазан-қараша айларында көрініс беретін еді. Бүгінде ауа райының жылынуы байқала бастады. Оған климаттың жылыну жағдайы әсерін тигізеді деген ойдамын», — дейді Қызылорда қаласының тұрғыны Төрегелді Мәуленқұлов.

қар
Фото: Нұрболат Нұржаубай

Еске салсақ, бұдан бұрын Түркістанды қар басып қалғанын хабарлаған едік.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Related

Қызылордада қыс ортасынан ауғанда алғаш рет қалың қар жауды · Todayinfo