Фото: видеодан скрин Әнші Қарақат Әбілдина марқұм әкесінің рухына арнап ас берген соң ашуға мінді. Ол өзін сынағандарға ренішіп білдіріп, Құдаймен қорқытты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Әңгіме әншінің бұған дейінгі жазбасынан басталған. Қарақат Әбілдина әкесіні
Фото: видеодан скрин
Әнші Қарақат Әбілдина марқұм әкесінің рухына арнап ас берген соң ашуға мінді. Ол өзін сынағандарға ренішіп білдіріп, Құдаймен қорқытты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы.
Әңгіме әншінің бұған дейінгі жазбасынан басталған. Қарақат Әбілдина әкесінің өмірден өткеніне 20 жылға жуық уақыт болғанын айтып, Рамазан айында дастархан жайып, Құран бағыштағанын айтқан.
Айтуынша, әкесіне арналған ауызашарға өнердегі әріптестері мен Бекболат Тілеухан да барған. Дастархан басында Алтынай Жорабаева бастаған әншілер ән айтып, кей қонақтарға шапан жабылғаны да жазылды.
Дәл осы тұс желі қолданушыларының наразылығын күшейткен. Кейбірі еске алу дастарханының «той секілді» өткенін айтып, түрлі пікір қалдырған.
"Бұл не сұмдық той емес қой", "Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді", "Еске алудан да шоу жасайтын болған", "Ақшасын қайда шашарын білмеген", "Ас бергенде домбырамен өнер көрсететін болған ба", "Құран қайсы, той қайсы", "Ас емес дискотека", "Еске алу концерті", деді олар.
Осы хейттен кейін Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында өзін сөз еткендерге жауап беріп, ренішін айтып, құдайдың жазасын еске салды.
"Сен жайлы ғайбат айтылса - ренжіме. Себебі адамдар сөзімен сынайды, ал Алла ниетпен өлшейді. Арттан айтылған әрбір сөз сенің емес, айтқанның мойнындағы аманат. Егер сен үнсіз сабыр етсең, Раббың сен үшін әділ үкім береді. Ғайбат сені төмендетпейді, егер жүрегің таза болса. Керісінше, ол саған - сауап, ал айтқанға - ауыр жүк", - деп жазды ол.