Рамзан Қадыровтың ұлы Адам Қадыров он күн ішінде ОМОН-ның екінші медалімен марапатталды
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың кәмелетке толмаған ұлы, 17 жастағы Адам Қадыров ОМОН-ның медалімен екінші рет марапатталды. Бұл туралы ақпарат ЧГТРК «Грозный» телеарнасының Instagram желісіндегі жарияланымында айтылды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы. Жарияланған мәл

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың кәмелетке толмаған ұлы, 17 жастағы Адам Қадыров ОМОН-ның медалімен екінші рет марапатталды. Бұл туралы ақпарат ЧГТРК «Грозный» телеарнасының Instagram желісіндегі жарияланымында айтылды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы.
Жарияланған мәліметке сәйкес, Адам Қадыровқа «Ахмат-Крепость» арнайы бөлімшесінің медалі тапсырылған. Бұл марапат «жауынгерлік тапсырмаларды орындауға көрсеткен көмегі» және Росгвардия бөлімшелерін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін берілген.
Медальды Адам Қадыровқа «Ахмат-Крепость» бөлімшесінің басшысы әрі Шешенстан басшысының туысы Абдул-Керим Қадыров табыстаған.
2024 жылғы 23 сәуірде Адам Қадыров Шешенстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалған еді. Бұл лауазым – оның мемлекеттік қызметтегі алғашқы емес тәжірибесі.
2023 жылдың соңында ол Шешенстан басшысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі қызметін атқара бастады. Осы қызметі үшін Кадыровтың ұлы Ресейдегі аймақ басшысының қауіпсіздік қызметін басқарған ең жас басшы ретінде Ресей рекордтар кітабына енді.
Сонымен қатар, Адам Қадыров Шейх Мансур атындағы чечен батальонының кураторы қызметін де атқарады.
2024 жылғы 12 мамырда Адам Қадыров ОМОН-ның «Ахмат-Грозный» бөлімшесінің 25 жылдығына арналған естелік медальмен марапатталған болатын. Бұл медаль не үшін берілгені ресми түрде нақтыланбаған.
Осылайша, 17 жастағы Адам Қадыров қазіргі уақытқа дейін 17 марапатқа ие болды.
Related

News
KIMEP controversy: Ex-dean exposes professor's sexual harassment past
Todayinfo редакциясы·

News
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
Жаннұр Еділбаева·

News
Государственный советник Ерлан Карин провел заседание Национальной комиссии Казахстана по делам ЮНЕСКО и ИСЕСКО
Жаннұр Еділбаева·

News
Пенсионные деньги должны обеспечивать старость, а не решать текущие проблемы — финансист
Жаннұр Еділбаева·