Todayinfo.kz
NewsView all articles

Референдум аяқталды: ОСК қазақстандықтардың белсенділігі туралы мәлімет берді

Қазақстанда өткен республикалық референдумда дауыс беру аяқталды. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлаушылардың 73,24%-ы қатысқан.

By Мұхтар Жексенбай··1 min read
Референдум аяқталды: ОСК қазақстандықтардың белсенділігі туралы мәлімет берді
Қазақстандағы республикалық референдумда дауыс беру аяқталып, сайлаушылардың қатысуы бойынша алғашқы деректер жарияланды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, елорда уақытымен сағат 20:00-дегі жағдай бойынша 9 126 850 азамат бюллетень алған. Бұл көрсеткіш сайлаушылардың жалпы санының 73,24 пайызын құрайды. Референдумның алдын ала нәтижелері бөлек хабарланады. Заң бойынша дауыстарды санау процесі 12 сағаттан аспауы тиіс. Фото: Әлеуметтік желіден

Related

Референдум аяқталды: ОСК қазақстандықтардың белсенділігі туралы мәлімет берді · Todayinfo