Орталық сайлау комиссиясы референдум кезінде азамат қандай жағдайда учаскеден шығарылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Мұны Орталық референдум комиссия мүшесі Ләззат Сүйіндік түсіндірді. “Бұл да заңнамамен нақты реттелген. “Сайлау туралы” заңн
Орталық сайлау комиссиясы референдум кезінде азамат қандай жағдайда учаскеден шығарылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Мұны Орталық референдум комиссия мүшесі Ләззат Сүйіндік түсіндірді.
“Бұл да заңнамамен нақты реттелген. “Сайлау туралы” заңның 39-бабының 2-тармағына сәйкес, дауыс беру өтетін ғимаратта жүрген барлық адам сайлау комиссиясы белгілеген тәртіпті қатаң сақтауға міндетті. Бұл жағдайда дауыс беру учаскесіндегі негізгі жауапты тұлға учаскелік комиссияның төрағасы. Заңға сәйкес, төраға дауыс беру бөлмесінде бір мезетте қанша сайлаушының болатынын реттейді, тәртіпке жауап береді және заң бұзған немесе дауыс беру процесіне кедергі келтірген кез келген адамнан тәртіп сақтауды талап етуге құқылы”, – деді Ләззат Сүйіндік.
Ләззат Сүйіндіктің пікірінше, бақылаушыкелген кезде алдымен учаскедегі тәртіп ережелерімен таныстырылады.
“Мұның бәрі заңмен реттелген. Бақылаушы келген кезде алдымен учаскедегі тәртіп ережелерімен таныстырылады. Бұл ережелер арнайы стендте ілулі тұрады. Бақылаушылар сол ережелермен танысқанын растап, қол қояды. Егер комиссия мүшелері бірлесіп, бақылаушы немесе басқа тұлға заңды бұзып отыр немесе дауыс беру процесіне кедергі келтірді деген шешімге келсе, олар оны учаскеден шығарып жіберуге құқылы”, – деді Орталық референдум комиссия мүшесі.
Сонымен қатар ол заң бұзуға қатысты сотқа бір шағым түскенін айтты.
“Мысалы, 18 наурыздағы жағдай бойынша заң бұзуға байланысты сотқа тек бір ғана шағым түскен. Сот бұл шешімнің негізді екенін растады. Заңға сәйкес мұндай шағымдар сотта жедел, жеделдетілген тәртіппен қаралады. Жалпы алғанда, 10 380 учаскеде жұмыс істеген 47 мың бақылаушының ішінде бар болғаны алты адам ғана учаскеден шығарылған. Олардың біріне қатысты шешім сотта қаралып, заңды деп танылды”, – деді Сүйіндік.
Сонымен қатар ол бастысы заңды бұзбау және дауыс беру процесіне кедергі келтірмеу екенін айтты.