Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Ресейдің бодандығындағы бізге тағылған айдар іспетті»: Ринат Зайыт тегіндегі орысша жалғаудан құтылды

Депутат Ринат Зайыт тегіндегі «ов» жалғауынан не үшін бас тартқанын айтты, деп хабарлайды Todayinfo. «Ов және вич деген біздің үлкен аға-апайларымыз айтпақшы, бұл – кезіндегі кеңес үкіметінің, патшалық Ресейдің бодандығындағы бізге тағылған айдар іспетті. Аға-апайларымның тілімен

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
«Ресейдің бодандығындағы бізге тағылған айдар іспетті»: Ринат Зайыт тегіндегі орысша жалғаудан құтылды
Депутат Ринат Зайыт тегіндегі «ов» жалғауынан не үшін бас тартқанын айтты, деп хабарлайды Todayinfo.
«Ов және вич деген біздің үлкен аға-апайларымыз айтпақшы, бұл – кезіндегі кеңес үкіметінің, патшалық Ресейдің бодандығындағы бізге тағылған айдар іспетті. Аға-апайларымның тілімен айтқанда, бұл кеңес үкіметінің бізге кигізіп қойған қамыты деп есептеймін», –  деді ол.
Ринат Зайыт басқа депутаттарға тегін ауыстыру жөнінде үндеу тастағысы келмейтінін айтты. Бұл мәселе әркімнің өз еркінде деп ойлайтынын жеткізді.
«Төлқұжатында жазылғаннан кейін әр адамның есімі – жекеменшігі. Сондықтан, біреуге кеңес бере алмаймын», – деді Ринат Зайыт.

Related

«Ресейдің бодандығындағы бізге тағылған айдар іспетті»: Ринат Зайыт тегіндегі орысша жалғаудан құтылды · Todayinfo