Мәжіліс депутаты Ринат Заитов палата отырысында әлеуметтік желідегі пікірлері үшін сотталған адамдарға амнистия жариялауды ұсынды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Депутат жұмыс тобының барысында біз өз пікірлерін айтып, түрлі ұсыныстар бергенін мәлімдеді. Алайда олардың кейбірі қолдау таппады. Сондай-ақ қай баптар және қандай тұлғалар туралы айтып отырғанын нақтыламады.

“Өкінішті жағдай бар. Әлеуметтік желідегі пікірлері үшін сотталған адамдар бар. Мен әріптестерімнен Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша сотталған тұлғаларға амнистия қолдануға көмектесуін қатаң түрде сұраймын", – деді депутат.