«Семей орманы» резерватында болған өртке кінәлі екі адам 7 жылға сотталды
Сот «Семей орманы» резерватында және Новошульба филиалында басшылық лауазымдарды атқарған екі азаматты айыптады. Лауазым иелері орман өрті кезінде жүктелген міндеттерді орындамаған, жағдайды дұрыс бағаламаған және өртті сөндіру кезінде қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасы

Сот «Семей орманы» резерватында және Новошульба филиалында басшылық лауазымдарды атқарған екі азаматты айыптады. Лауазым иелері орман өрті кезінде жүктелген міндеттерді орындамаған, жағдайды дұрыс бағаламаған және өртті сөндіру кезінде қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз етпегендіктен 14 адам қаза тапқаны анықталды.
В. және К. кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, жүргізілген сараптамалармен, оқиға орнын тексеру хаттамаларымен, заттай дәлелдемелерді алу хаттамаларымен және тағы басқа толық дәлелденген. ҚК-нің 292-бабының 3-бөлігінің санкциясымен 3 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Сотталушылардың екеуінде де жас балалардың болуы және ауырлататын мән-жайлардың болмауы түріндегі жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, сот В. және К.-ны кінәлі деп тауып, әрқайсысына 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, 2023 жылдың маусымында Абай облысының Батпаев орман шаруашылығы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында» орман өртенген еді. Өртпен 60 мың гектар орман қоры жойылған. «Семей-Орманы» резерваты Новошульбинск филиалының 14 қызметкері қаза болған.
Related

News
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·