Todayinfo.kz
NewsView all articles

Семейде жеңгетайлықпен айналысқан 62 жастағы әйел сотталды

[Семейде полиция жеңгетайлықпен айналысқан 62 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлады Polisia.kz. Ол қаладағы сауналардың бірінде секс-притон ұйымдастырып, тұтынушыларға «түнгі көбелектердің» қызметін ұсынған. Әр тапсырыстан «пысық» зейнеткер орташа есеппен 15 мың теңгеден 25 мың те

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Семейде жеңгетайлықпен айналысқан 62 жастағы әйел сотталды
[Семейде полиция жеңгетайлықпен айналысқан 62 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлады Polisia.kz. Ол қаладағы сауналардың бірінде секс-притон ұйымдастырып, тұтынушыларға «түнгі көбелектердің» қызметін ұсынған. Әр тапсырыстан «пысық» зейнеткер орташа есеппен 15 мың теңгеден 25 мың теңгеге дейін алған.
"Бірақ оның бизнесі ұзаққа созылмады. Жақында «Stop трафик» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері саунадағы «қызметті» тоқтатты. Нысанды тінту барысында полиция қолма-қол ақша мен басқа да заттай дәлелдерді тәркіледі. Жеңгетай мен 9 жезөкше жақын маңдағы полиция бөліміне жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.
 
Олардың арасында 3 қазақсандық, 6 Өзбекстан азаматы болған. Барлығы есепке алынды. 62 жастағы әйелдің үстінен Қылмыстық кодекстің 309-бабы 1-бөлігі бойынша («Жезөкшелікпен айналысу үшін притондарды ұйымдастыру немесе ұстау») сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Соттың үкімімен зейнеткердің бас бостандығы 2 жыл 6 айға шектелді. Ол Абай облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробациялық есебіне алынды. Жеңгетайлықпен айналысқан әйел пробация шартын бұзса, бас бостандығынан айырылады.  

Related

Семейде жеңгетайлықпен айналысқан 62 жастағы әйел сотталды · Todayinfo