Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларView all articles

Семейдегі сергелдең: Оқушылар төбелескен мектеп директоры қызметінен қуылды

Фото: видео скриншот Семей қаласындағы №9 мектепте оқушылардың қатарластарын қатігездікпен ұрып-соғуының салдарынан мектеп директоры қызметінен босатылды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы. Абай облыстық білім басқармасының мәліметінше, бұл оқиғаға байланысты мектеп басшыл

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Семейдегі сергелдең: Оқушылар төбелескен мектеп директоры қызметінен қуылды
Фото: видео скриншот
Семей қаласындағы №9 мектепте оқушылардың қатарластарын қатігездікпен ұрып-соғуының салдарынан мектеп директоры қызметінен босатылды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы. Абай облыстық білім басқармасының мәліметінше, бұл оқиғаға байланысты мектеп басшылығының тәрбие жұмысын тиісті деңгейде ұйымдастырмауы себепті тәртіптік шаралар қабылданған.
"Тәрбие ісі бойынша мектеп директорларының орынбасарлары, сынып жетекшілері мен мектеп психологтары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. №15 мектеп пен Ш. Уәлиханов атындағы "Жас Ұлан" мамандандырылған ер балалар лицей-интернатының директорларына сөгіс берілді", – делінген хабарламада.
Ал №9 мектептің директоры қызметінен босатылып, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына қатаң сөгіс жарияланды. Еске салсақ, бұған дейін Семейде бірнеше оқушының қатарластарын аяусыз ұрып-соққаны туралы хабарлағанбыз. Оқушыны ұрып-соққан жасөспірімдер арнайы мектепке жіберілген, ал олардың әке-шешесі ата-ана құқығынан айырылды.

Related

Семейдегі сергелдең: Оқушылар төбелескен мектеп директоры қызметінен қуылды · Todayinfo