-
- Біріншіден, мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына отандық контентті дамыту, Қазақстанның ақпараттық егемендігін нығайту және қорғау үшін гранттық қаржыландыру берілетін болды;
- Екіншіден, бұқаралық ақпарат құралында жарияланған ақпараттар бойынша жеке немесе заңды тұлғалардың талап қою мерзімі 1 жыл болып белгіленді;
- Үшіншіден, БАҚ сұрауларын қарау мерзімі 7 жұмыс күннен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды;
- Төртіншіден, БАҚ қызметіне өзін-өзі реттеуге, медиа саласын дамытуға мүмкіндік беру мақсатында ерікті негізде қоғамдық-кәсіптік кеңес құруға және журналистердің әдеп кодексін әзірлеуге мүмкіндік берілді;
- Бесіншіден, мемлекеттік тілдегі теле-, радиобағдарламалардың апта сайынғы көлемін 50%-дан 60%-ға дейін кезең-кезеңімен ұлғайту белгіленді (2025 жылдан бастап 55%, 2027 жылдан бастап 60%);
- Алтыншыдан, отандық теле-, радио бағдарламалардың және қазақстандық авторлардың/орындаушылардың музыкалық шығармаларының отандық теле-, радиоарналардағы көлемін 50%-дан 60%-ға дейін кезең-кезеңімен ұлғайту (2025 жылдан бастап 55%, 2027 жылдан бастап 60%) көзделді;
- Жетіншіден, отандық теле-, радиоарналардағы шетелдік бағдарламалардың ретрансляциясын 20%-дан 10%-ға дейін азайту белгіленді;
- Сегізіншіден, журналистің кәсіби қызметінің құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету жөнінде нормалар енгізілді.
Сенат «Масс-медиа туралы» заңды мақұлдады
Сенат депутаттары «Масс-медиа туралы» заңды мақұлдады, деп хабарлады Todayinfo тілшісі. Заң жобасы Үкіметтің бастамашылығымен әзірленген. Сенатор Айгүл Қапбарованың айтуынша, «Масс-медиа туралы» заңға «Бұқаралық ақпарат туралы» және «Телерадио хабарларын тарату туралы» қолданыста

Сенат депутаттары «Масс-медиа туралы» заңды мақұлдады, деп хабарлады Todayinfo тілшісі.
Заң жобасы Үкіметтің бастамашылығымен әзірленген.
Сенатор Айгүл Қапбарованың айтуынша, «Масс-медиа туралы» заңға «Бұқаралық ақпарат туралы» және «Телерадио хабарларын тарату туралы» қолданыстағы заңдарға төмендегі нормаларды енгізу көзделеді:
Related

News
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·