“TikTok деген әлемде мен отырмаймын. Қолданбаймын. Менің атымнан неше түрліні жазып отырғандардың өтірік сөздеріне сенбеңіздер. Мақсаттары - әдейі шамға тиетін сөздер жазып, елдің тілін қышыту және комментарий жинау… Адвокаттар жұмысты аяқтап қалды. Көзі ашық, көкірегі ояу 21 ғасырда өмір сүріп жатқан жандарым, ИИ-ді (жасанды интеллектіні) ажырата алатын боларсыздар? Не болса соған сенудің қажеті жоқ”,- деп жазды ол.






