Сербия Президенті Александр Вучич Қазақстанға ресми сапармен келді, оны Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты рәсіммен қарсы алды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Ресми шара барысында Құрмет қарауылы ротасының бастығы екі президентке рапорт бергеннен кейін Қазақстан мен Сербияның ұлттық әнұрандары орындалды.
Одан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич бір-біріне екі елдің ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Салтанатты рәсім аяқталған соң мемлекет басшылары екіжақты келіссөздер жүргізу үшін арнайы залға бет алды.
Фото: Әлеуметтік желіден




