Сеулдегі митинг. Юн Сок Ёльдің жақтастары тәртіпсіздік ұйымдастырды
Фото: Yonhap Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльдің жақтастары митингке шықты, , деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Агенттіктің мәліметінше, президентке қамауға алу ордері берілгеннен кейін, оның жақтастары сот ғимаратының терезелерін сындырып, ішке басып кірген. Кейбі

Фото: Yonhap
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльдің жақтастары митингке шықты, , деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Агенттіктің мәліметінше, президентке қамауға алу ордері берілгеннен кейін, оның жақтастары сот ғимаратының терезелерін сындырып, ішке басып кірген. Кейбіреулері полиция қызметкерлеріне қарай пластик орындықтар, қоқыс және басқа да заттар лақтырған.
Полиция президенттің жақтастары митинг өткізген аймақтарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жүздеген қызметкерді жұмылдырған.
Құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, сенбі күні сотта тыңдау өтіп жатқан ғимараттың маңына мемлекет басшысын қолдауға шамамен 44 мыңға жуық адам жиналған. ОЛар Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың жалауларын ұстап алып, президенттің атын айтып айғайлаған. Кейбір наразылық білдірушілер жыласа, басқалары полициямен қақтығысқа түскен.
Тыңдау аяқталғаннан кейін Юн тергеу изоляторына оралу үшін сот ғимаратынан шыққанда, оның жақтастары тергеушілерге тиесілі болуы мүмкін көліктерді бөгеп, оны қамауға алған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеу басқармасын таратуға шақырған.
Олар көліктердің есік тұтқаларын зақымдап, дөңгелектерін тескен.
Еске сала кетейік, 15 қаңтар күні Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль "бүлік жасады" деген айыппен қамауға алынған еді.
Related

Politics
Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Адал азамат мектебін іске қосты
Todayinfo редакциясы·

Politics
Ұлытау облысының жаңа әкімі Президентке есеп берді
Айғаным Нариманова·

Politics
Қазақстан мен Ресейдің ортақ жобаларының құны 52 млрд доллардан асты - Тоқаев
Айдар Керім·

Politics
«Әділет» партиясының тізімі жарияланды
Айдар Керім·