Михаил Шайдоров қысқа бағдарламадан кейін бесінші орында болғанымен, еркін бағдарламада қарсыластарының қателіктерін ұтымды пайдаланып, жалпы 291,58 ұпай жинады да, сенсациялық жеңіске қол жеткізді. Фото: Әлеуметтік желіден"Біріншіден, сәттілік әрқашан мықтыларға серік болады. Басқалардың не істегеніне біз жауап бермейміз, ол — олардың өз шаруасы. Менің ойымша, Михаил Шайдоров бұл күресте сөзсіз жеңіске жетті. Ол бұл доданы 100, 200, тіпті миллион пайызға жеңіп алды", - деді Урманов.
Шайдоровтың жеңісі жай ғана сәттілік пе: бапкері сыншыларға жауап берді
Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың бапкері Алексей Урманов спортшының жеңісін "сәттілік" деп атаған сыншыларға қатаң жауап берді.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың бапкері Алексей Урманов спортшының тарихи жеңісін «бәсекелестерінің сәтсіздігімен» байланыстырғандарға жауап берді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Бұған дейін кейбір шетелдік басылымдар Шайдоровтың жеңісін басты фавориттердің қателікке бой алдыруымен түсіндірген еді. Алайда ресейлік маман бұл пікірмен келіспейтінін ашық айтты.
Related

News
В Астане ребёнок скончался после падения из окна седьмого этажа
Жаннұр Еділбаева·

News
В Жамбылской области молодой офицер полиции скончался после выстрела в здании РОВД
Жаннұр Еділбаева·

News
Омбы мен Орынбордағы мектептерде қазақ тілі оқытылады: Қазақстан Ресейде үш мектеп салмақ
Айғаным Нариманова·

News
Түркістан облысындағы қанды оқиға: Жас жігіттің өліміне 9-сынып оқушысы күдікті
Айғаным Нариманова·