Todayinfo.kz
NewsView all articles

Шаңғы тебуге шыққан туристті қар барысы талап, бетін қан жоса етті

Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Көктоғай курортында   турист әйелге қар барысы шабуыл жасады, деп хабарлайды Todayinfo   CGTN - ге сілтеме жасап. Оқиға әйелдің тау шаңғысы курортында екі досымен бірге қонақүйге қайтып келе жатқан сәт

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
Шаңғы тебуге шыққан туристті қар барысы талап, бетін қан жоса етті

Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Көктоғай курортында  турист әйелге қар барысы шабуыл жасады, деп хабарлайды Todayinfo  CGTN- ге сілтеме жасап.

Оқиға әйелдің тау шаңғысы курортында екі досымен бірге қонақүйге қайтып келе жатқан сәтінде болған.

Әлеуметтік желіде тараған видеода әйел қардың үстінде қозғалыссыз жатыр, оны қар жанында қар барысы күзетіп отыр. Оны адамдар құтқарып алған кезде, бетінің қан жоса болғаны көрінеді. Кейін ол жергілікті ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі жағдайы тұрақты.

Оқиғаның мән-жайы тергеліп жатыр. Шабуылдан кейін жергілікті билік туристерге жабайы жануарлардан арақашықтық сақтауға шақырды.

Фото: скрин

Related

Шаңғы тебуге шыққан туристті қар барысы талап, бетін қан жоса етті · Todayinfo