Todayinfo.kz
NewsView all articles

Шерзат Болаттың отбасына жаңа баспана берілетін болды

Талғардағы төбелесте қаза болған жасөспірім Шерзат Болаттың отбасы жуырда баспаналы болады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Жағымды жаңалықпен адвокат Мейірман Шекеев бөлісті. Айтуынша, игі істі жеке кәсіпкер демеушілік еткен. Асқар есімді азамат Қаржаубайдың үйін

By Айғаным Нариманова··1 min read
Шерзат Болаттың отбасына жаңа баспана берілетін болды
Талғардағы төбелесте қаза болған жасөспірім Шерзат Болаттың отбасы жуырда баспаналы болады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Жағымды жаңалықпен адвокат Мейірман Шекеев бөлісті. Айтуынша, игі істі жеке кәсіпкер демеушілік еткен.
Асқар есімді азамат Қаржаубайдың үйін салысып жатқанын жариялағысы келмеген. Ал Алматы облысы әкімдігі осы құрылысты барынша қадағалап, құжаттарын рәсімдеп, аяғына дейін жеткізіп беруге уәде берді, - деп ағынан жарылды Мейірман Шекеев.
Үйдің құрылысы қазан айының ортасына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Еске салайық, 2024 жылы 4 қазанда түнде Талғарда жасөспірім қаза тапқан болатын. Белгілі болғандай, 16 жастағы Шерзат Болат сатып алушымен арада шиеленіс туындаған кезде әкесінің дүкенінде оған көмектесіп жатқан. Қайғылы оқиғадан кейін арада бір апта өткенде Шерзаттың үйі өртеніп кетті. Фото: Stan.kz

Related

Шерзат Болаттың отбасына жаңа баспана берілетін болды · Todayinfo