Todayinfo.kz
NewsView all articles

Шерзат Полат ісіне қатысқан сотталғандардың бірінің туысы жауапкершілікке тартылды

Жетісу облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, үкім оқылған соң, сотталғандардың туыстары Сот үкіміне наразылық танытып, қоғамдық тәртіпті бұзуға әрекеттенген, деп хабарлайды Todayinfo. Олардың бірі балағат сөздер айтып, агрессия танытқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке та

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
Шерзат Полат ісіне қатысқан сотталғандардың бірінің туысы жауапкершілікке тартылды
Жетісу облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, үкім оқылған соң, сотталғандардың туыстары Сот үкіміне наразылық танытып, қоғамдық тәртіпті бұзуға әрекеттенген, деп хабарлайды Todayinfo. Олардың бірі балағат сөздер айтып, агрессия танытқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айта кетсек, кеше Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот үкімі шыққаннан кейін залдағылар шу шығарған. Сотталғандар әйнек кабинканы жұдырықтап, шағып тастай жаздады. Равиль Сакиевтің анасы сұрақ қойған журналиске айғайлап, балағаттады. Сондай-ақ жәбірленуші тарапты «қарабет,қалпақтар» деп кемсіткен еді. Сотта судья Абзал Шынасылды 23 жылға,Равиль Сакиевті 20 жылға соттау жайлы үкім шығарды. Тоғыз сотталушы да жазаларын өтейді.

Related

Шерзат Полат ісіне қатысқан сотталғандардың бірінің туысы жауапкершілікке тартылды · Todayinfo