Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларView all articles

Шерзат Полат өлімі: судья сотталушыларға үкім шығарды

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында судья Ержан Жанұзақов шешім шығарды,деп хабарлайды Todayinfo  а қпарат порталы Судья Абзал Шынасылға 23 жыл, Равиль Сәкиевке 20 жыл, Азамат Тоқтаубаевқа 15 жыл, Шыңғыс Белғожаевқа 7 жыл, Дархан Әскентайға 7 жыл, Нұрқияс Ілиясовқ

By Айғаным Нариманова··1 min read
Шерзат Полат өлімі: судья сотталушыларға үкім шығарды

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында судья Ержан Жанұзақов шешім шығарды,деп хабарлайды Todayinfo  ақпарат порталы

Судья Абзал Шынасылға 23 жыл, Равиль Сәкиевке 20 жыл, Азамат Тоқтаубаевқа 15 жыл, Шыңғыс Белғожаевқа 7 жыл, Дархан Әскентайға 7 жыл, Нұрқияс Ілиясовқа 9 жыл, Нұрбол Тоқтаубаевқа 7 жыл, Дидар Қалиахмет 7 жылға, кәмелетке толмаған Дуиан Ысқаққа 1 жыл 6 ай мерзім берді.

Осыған дейін прокурор Дана Сәрсембай Думан Ысқақты (кәмелетке толмаған) қылмыстық кодекстің 434-бабы бойынша 1,5 жылға соттауды, Дархан Әскентайды, Шыңғыс Белғожаевты, Нұрбол Тоқтаубаевты, Дидар Қалиахметті 293-баптың 7 бөлігімен кінәлі деп танып, оларды 7 жылға соттауды сұрады.

Прокурор сонымен қатар өздеріне тағылған айыптар бойынша Нұрқияс Ілиясовты 9 жылға, Азамат Тоқтаубаевты 15 жылға (өтелмеген жазасын қосқанда), Равиль Сәкиевті 20 жылға, ал Абзал Шынасылды 23 жылға соттауды өтінді.

Related

Шерзат Полат өлімі: судья сотталушыларға үкім шығарды · Todayinfo