Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларView all articles

Шерзат Полат соты: жарыссөзде не айтылып жатыр

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында жарыссөз кезеңі жалғасуда. Мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай сотталушылардың әрекеттерін талдай отырып, басты айыпталушы ретінде Абзал Шынасылды ерекше атап өтті,деп хабарлайды  Todayinfo. «Тараптардың барлық әрекетін зерделе

By Айғаным Нариманова··1 min read
Шерзат Полат соты: жарыссөзде не айтылып жатыр
Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында жарыссөз кезеңі жалғасуда. Мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай сотталушылардың әрекеттерін талдай отырып, басты айыпталушы ретінде Абзал Шынасылды ерекше атап өтті,деп хабарлайды Todayinfo.
«Тараптардың барлық әрекетін зерделей келе, әрбір сотталушының әрекетіне нақты тоқталуға міндеттімін», – деді ол.
Прокурордың айтуынша, Абзал Шынасылдан жеті мәрте жауап алынған. Тергеу нәтижелері мен сараптама қорытындылары бойынша, дәл оның соққысы Шерзаттың өліміне себеп болғаны дәлелденді. Тәуелсіз сот сарапшысы Тахир Халимназаровтың мәліметінше, Шерзаттың қабырғасына кірген жараның тереңдігі 12 сантиметр болған. Прокурордың сөзіне сүйенсек, бұл – Шынасылдың пышақпен қасақана соққы жасағанын айғақтайды.
«Абзал Шынасыл – адам өлтіру бабымен сот алдында тұр. Ол бұл әрекетті жәбірленушілердің көз алдында жасаған. Бұл – оларға жан күйзелісі мен рухани азап әкелуге бағытталған», – деді Дана Сәрсенбай.
Айыптаушы тарап сотталушы Шынасылдың жауаптарын бірнеше рет өзгерткеніне де назар аударды. «Сотталушы өз кінәсін мойындамай отыр. Сондықтан оның жауаптарын сын көзбен қарап, бағалауды сұраймын», – деді прокурор.    

Related

Шерзат Полат соты: жарыссөзде не айтылып жатыр · Todayinfo