Референдум кезінде Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері жанында 54 елде орналасқан 71 учаске жұмыс істейді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. «Шетелде дауыс беретін Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 14 380 адамды құрайды», – деді Қазақстан Рес
Референдум кезінде Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері жанында 54 елде орналасқан 71 учаске жұмыс істейді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
«Шетелде дауыс беретін Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 14 380 адамды құрайды», – деді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов.
Референдум учаскелерінде дауыс беру Токио мен Сеул қалаларында Астана уақытымен сағат 03:00-де басталды.
Астана уақытымен сағат 08:00-ге дейін барлығы 23 сайлау учаскесі ашылып, онда 198 адам дауыс берді.
Ең соңында АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығы жанындағы референдум учаскесі ашылып, жабылатын болады. Атап айтқанда, ол бүгін Астана уақытымен сағат 19:00-де ашылып, ертең 16 наурыз күні сағат 08:00-де өз жұмысын аяқтайды.
«Күрделі жағдайға және біздің азаматтарымыздың санының аздығына байланысты 10 елде 11 учаске ашылмайды (Иран, Израиль, Иордания, Катар, БАӘ (2 учаске), Оман, Ливан, Кувейт, Украина және Эфиопия)», – деп хабарлады Арман Исетов.