Todayinfo.kz
NewsView all articles

Шетелден ақша алатындар тізімі жаңарды: сырттан қаржылындырылатын басылымдар да анықталды

Қазақстанның Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) шетелден қаржыландырылатын азаматтар мен ұйымдардың жаңартылған тізімін көпшілік назарына ұсынды. Бұл құжатқа 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы деректер енген. Ведомство бұған дейін, нақтырағы наурыз айында 2024 жылдың екінші ж

By Мейіржан Әуелханұлы··2 min read
Шетелден ақша алатындар тізімі жаңарды: сырттан қаржылындырылатын басылымдар да анықталды

Қазақстанның Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) шетелден қаржыландырылатын азаматтар мен ұйымдардың жаңартылған тізімін көпшілік назарына ұсынды. Бұл құжатқа 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы деректер енген.

Ведомство бұған дейін, нақтырағы наурыз айында 2024 жылдың екінші жартысына қатысты есепті жариялаған болатын. Енді, міне, араға уақыт салып жаңа реестр шығып отыр.

Жаңартылған тізімге барлығы 186 тұлға мен ұйым кірген. Олардың барлығы шетелдік көздерден ақша немесе өзге де мүлік алғандар санатына жатады.

Тізім не үшін жарияланады?

Бұл тәжірибе Қазақстанда жаңалық емес. Шетелден қаржы алатындардың тізімін ашық жариялау 2022 жылы басталған болатын.

Құзырлы органның түсіндіруінше, мұндай шара қоғамдағы ашықтықты қамтамасыз ету үшін қажет.

"Бұл бастама азаматтардың мемлекетке және үкіметтік емес ұйымдарға деген сенімін арттыруға бағытталған. Шетелдік қаражат бойынша есеп беру – әлемдік тәжірибеде қалыпты жағдай", – деп атап өтті МКК өкілдері.

Ашықтық па, әлде бақылау ма?

Ресми органдардың айтуынша, бұл тізімге ену – қандай да бір құқық бұзушылық немесе "қара тізім" дегенді білдірмейді. Бұл тек қаржылық ашықтықты көрсету құралы.

Дегенмен, қоғамда бұл тізімге қатысты пікірлер әртүрлі. Кейбір сарапшылар мұны азаматтық қоғамды бақылау құралы деп бағаласа, билік өкілдері мұны сыбайлас жемқорлықпен күрес және көлеңкелі экономиканы жарыққа шығару деп түсіндіреді.

Тізімнің толық нұсқасын Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтынан көруге болады.

Related

Шетелден ақша алатындар тізімі жаңарды: сырттан қаржылындырылатын басылымдар да анықталды · Todayinfo