Щучинсктегі сұмдық оқиға: «Палау орталығындағы» жарылыстан 7 адам көз жұмды
Ақмола облысының Щучинск қаласындағы мейрамханада газ баллоны жарылып, салдарынан 6 адам қаза тапты. 20-ға жуық адам зардап шеккен.

Ақмола облысының Щучинск қаласындағы тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дәмханада болған жарылыстан кемінде 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Зардап шеккендер 26 адамға жетті. Ал 16 адам ауруханада.
Қайғылы оқиға Бурабай ауданына қарасты қаладағы «Палау орталығы» (Центр плова) мейрамханасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, газ-ауа қоспасы жарылып, арты ірі өртке ұласқан.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, хабар түскеннен кейін құтқарушылар оқиға орнына 5 минут ішінде жеткен. Ол кезде дәмхана ішінде 80-ге жуық адам болғаны анықталды. Өрт сөндірушілер 10-нан астам адамды қауіпсіз жерге шығарып, ғимараттан жарылу қаупі болған 8 газ баллонын алып шыққан.
Соңғы деректерге сәйкес, жарылыс салдарынан 6 адам көз жұмып, 20-ға жуық адам түрлі дене жарақатын алған. Қазіргі уақытта өрт толығымен сөндіріліп, оқиға орнында үйінділерді тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Related

News
Алматыда Қырғызстанның экс-премьерінің ұлы қамауға алынды
Айғаным Нариманова·

News
Житель Павлодара пытался поджечь подъезд жилого дома
Жаннұр Еділбаева·

News
Пять человек пострадали в ДТП на трассе Астана – Петропавловск
Жаннұр Еділбаева·

News
Проект Almaty SuperSki переходит к этапу практической реализации: Совет директоров принял ряд решений
Жаннұр Еділбаева·