ШҚО-да демалыс базасында өрт шықты
Шығыс Қазақстан облысындағы демалыс базаларының бірінде 3 жазғы ағаш үйден өрт шықты. Қазір демалыс базасының 269 шаршы метр алаңдағы өрт оқшауланды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өртті сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Өрттің неден шыққаны анықталу үс

Шығыс Қазақстан облысындағы демалыс базаларының бірінде 3 жазғы ағаш үйден өрт шықты.
Қазір демалыс базасының 269 шаршы метр алаңдағы өрт оқшауланды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өртті сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Өрттің неден шыққаны анықталу үстінде.
Тілсіз жаудан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Бүгін түнде Қарағанды қаласындағы екі қабатты жеке моншаның ғимаратынан да өрт шықты. Ағаш конструкциялары мен жиһаз жанып кетті.
Өрт сөндірушілер 98 шаршы метр алаңды алып кеткен тілсіз жауды сөндіріп үлгерді. Өртті сөндіруге Апаттар медицинасы орталығы филиалының шұғыл әрекет ету бригадасы да төтенше жағдайлар департаментіне көмекке келіп, апатты оқшаулады.
Өрттен қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Шығу себебі анықталып жатыр.
Бүгін өрт Абай облысында да болды. Онда 35 адам құтқарылып, эвакуацияланды.
Семей қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйдің 7 қабатындағы пәтерлердің бірінде 25 шаршы метр алаң өртенді. Жалын үйлесімді және жедел іс-әрекеттердің арқасында 20 минутта сөндірілді.
ТЖД құтқарушылары өрттен 4 адамды құтқарды. Сондай-ақ баспалдақпен 31 адамды, оның ішінде 11 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.
Related

News
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·