Todayinfo.kz
NewsView all articles

Шығыс Қазақстан облысында әкім жергілікті тұрғынды сотқа берді

[Шемонаиха әкімі Егор Драчев әйелдің үстінен сотқа арызданған. Онда әкімнің бұл пікір туралы 2024 жылдың 2 наурызында білгенін айтқан. "Әкім Драчев қайда? Қазір оның 50 миллион тұратын көліктері бар. Бұл мәселелер оған жат, бұрын әкім еді. Қазір патша", – деп жазған әйел желідегі

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Шығыс Қазақстан облысында әкім жергілікті тұрғынды сотқа берді
[Шемонаиха әкімі Егор Драчев әйелдің үстінен сотқа арызданған. Онда әкімнің бұл пікір туралы 2024 жылдың 2 наурызында білгенін айтқан.
"Әкім Драчев қайда? Қазір оның 50 миллион тұратын көліктері бар. Бұл мәселелер оған жат, бұрын әкім еді. Қазір патша", – деп жазған әйел желідегі пікірінде.
Әкім бұл сөздер оның абыройы мен намысына нұқсан келтіреді деп есептейді.
"Соттан жоғарыда аталған ақпараттың шындыққа жанаспайды және менің ар-намысыма нұқсан келтіреді деп тануын сұраймын", – делінген әкімнің арызында.
Шемонаиха ауданының әкімдігі сотқа шағым берілгенін растады.  

Related

Шығыс Қазақстан облысында әкім жергілікті тұрғынды сотқа берді · Todayinfo