Шығыс Қазақстанда облысында жолға лай көшкін түсті. ШҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Марқакөлде жолға лай көшкіні түсті.
«Бүгін таңертең облыстық маңызы бар «Теректі-Ұранхай-Төсқайың» жолының 13 шақырымында, нақты айтқанда «Мраморное» асуы маңында лай көшкін жүрген. Болған жағдай туралы «ОблШығысЖол» қызметкерлері жедел жеткізді. Қазіргі уақытта тұрғындардың қауіпсіздігі мақсатында жол қозғалысы жабылды», - делінген ақпаратта.
Оқиға орнында жергілікті атқарушы органдар және төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс істеуде. Жол қозғалысын қайта қалпына келтіру жұмыстары бойынша ауыр техника жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері кезекшілік ұйымдастырды.
[embed]https://www.youtube.com/watch?v=lc7cKhgaZPU[/embed]Айта кетейік, лай көшкіні жаңбыр мол жауып, қардың еруі салдарынан болған.




