Курорт жазғы жұмыс тәртібіне көшеді. Қонақтарға аспалы жолмен серуендеумен қатар, атпен қыдыру, Alpine Park, садақ атусияқты белсенді демалыс түрлері ұсынылады.
«Shymbulak жыл он екі ай жұмыс істейтін курорт ретінде кезең-кезеңімен дамып келеді. Mastercard компаниясының«Алматыдағы туризм – 2025» есебіне сүйенсек, Алматыға келетін шетелдік туристердің қызығушылығының 80 пайызы табиғат пен белсенді демалыспен байланысты. Жазғы маусым осы сұранысқа сай қызмет көрсетуге мүмкіндік береді», — деді тау туризмі бағытын дамыту департаментінің директоры Ольга Беляева.
Жыл сайын жаз мезгілінде Shymbulak курортына шамамен бір миллион адам келеді. Mastercard, Almaty Tourism Bureau және Visit Almaty ұйымдарының бірлескен зерттеу қорытындысына сәйкес, қаладағы көрікті орындардың ішінде шетелдік туристер ең көп баратын нысан — Shymbulak (30,62%).
Shymbulak тау курорты жазғы маусымды бастайды
1 мамырдан бастап Shymbulak курортының аспалы жолдары техникалық тексерістен кейін қайта іске қосылады.

Related

News
Алматыдағы перзентханада көз жұмған жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды
Айғаным Нариманова·

News
Мұхтар Жәкішевтің қызы шетелдікке тұрмысқа шықты
Айғаным Нариманова·

News
Алматыда Қырғызстанның экс-премьерінің ұлы қамауға алынды
Айғаным Нариманова·

News
Житель Павлодара пытался поджечь подъезд жилого дома
Жаннұр Еділбаева·