Todayinfo.kz
NewsView all articles

Шымкент индустриялық аймағындағы өрт: күйік шалып, уланғандар бар

Шымкенттің өрт сөндірушілері ашық жануды сөндіріп жатқанын кеше ТЖМ хабарлаған еді. Ресми мәліметтерге сүйенсек, Шымкент қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелеріне Еңбекші ауданында орналасқан "Ордабасы" индустриялдық аймағының аумағында күкірт жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түск

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Шымкент индустриялық аймағындағы өрт: күйік шалып, уланғандар бар
Шымкенттің өрт сөндірушілері ашық жануды сөндіріп жатқанын кеше ТЖМ хабарлаған еді. Ресми мәліметтерге сүйенсек, Шымкент қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелеріне Еңбекші ауданында орналасқан "Ордабасы" индустриялдық аймағының аумағында күкірт жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Өрт сөндірушілер келген кезде ашық күкірт жанған. Жедел штаб ұйымдастырылып, зардап шеккендер туралы ақпарат әуелі түспеген.Шымкент қалалық төтенше жағдай департаменті бүгін 10 адам медициналық көмекке жүгінгенін хабарлады. Олардың бірін күйік шалып, тоғыз адам улану белгісімен дәрігерге тексерілген. Екі адам ауруханаға жатқызылып, сегіз адам үйіне қайтқан.  

Related

Шымкент индустриялық аймағындағы өрт: күйік шалып, уланғандар бар · Todayinfo