Шымкентте алаяқтық жасаған нотариус сотталды
Шымкентте алаяқтық жасағаны үшін нотариус сотталды, деп хабарлады Todayinfo тілшісі. Сотта анықталғандай, жеке нотариус жәбірленушілердің сеніміне кіріп, олардың осал жағдайын және қызметтік өкілеттігін өз пайдасына қолданып, несие немесе кепіл шартын жасаудың орнына, сатып алу-с

Шымкентте алаяқтық жасағаны үшін нотариус сотталды, деп хабарлады Todayinfo тілшісі.
Сотта анықталғандай, жеке нотариус жәбірленушілердің сеніміне кіріп, олардың осал жағдайын және қызметтік өкілеттігін өз пайдасына қолданып, несие немесе кепіл шартын жасаудың орнына, сатып алу-сату шартын куәландырғаны анықталған. Кейін ол үшінші тұлғаларға меншік құқығын бекітіп, Шымкент қаласының әділет органдарына тіркеу туралы келісімді заңсыз жіберген.
Қылмыстық іс бойынша 9 жәбірленушіге 47 миллион теңге көлемінде шығын келтірілген.
Сот алаяқтық фактісі бойынша нотариусты 4 жыл бас бостандығын шектеуге, ал оның сыбайластарын 3 жылға және 3 жыл 9 ай мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
Прокуратура Шымкент қаласының тұрғындарына нотариустардың қатысуымен жылжымайтын мүлікке құжаттарды ресімдеу кезінде абай болу, қажет болған жағдайда заңгерлерден кеңес алу қажеттігін ескертеді.
Related

News
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

News
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

News
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

News
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·