Todayinfo.kz
NewsView all articles

Шымкентте полицей тұтқын әйелді зорлап, жүкті қылған

Шымкентте тұтқын әйелді зорлап, жүкті еткен полицей сотталып,   77 мың теңге төледі, деп хабарлайды Todayinfo . Айыптау нұсқасына сәйкес, былтыр қыркүйекте күдікті жәбірленушінің камерасына кірген. Анасына қоңырау шалуға апарамын деген сылтаумен оны қоймаға апарған. Сол

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
Шымкентте полицей тұтқын әйелді зорлап, жүкті қылған

Шымкентте тұтқын әйелді зорлап, жүкті еткен полицей сотталып,  77 мың теңге төледі, деп хабарлайды Todayinfo.

Айыптау нұсқасына сәйкес, былтыр қыркүйекте күдікті жәбірленушінің камерасына кірген. Анасына қоңырау шалуға апарамын деген сылтаумен оны қоймаға апарған. Сол жерде жәбірленушінің қарсыласуына қарамастан әйелді зорлаған.

Жәбірленуші болған жағдайды бірден хабарламаған. 2024 жылдың қазан айында медициналық тексеру кезінде әйелдің ерте жүктілігі анықталған. Бұл жағдай арнайы тексеріс жүргізуге себеп болған.

Осылайша жедел уәкіл 9 жылға сотталды. Ол іс жүргізу шығындарын өтеп, жәбірленушілерге 77 мың теңге төлеуге міндеттелді.

Related

Шымкентте полицей тұтқын әйелді зорлап, жүкті қылған · Todayinfo