Шымкентте Қазақстан математиктерінің алғашқы конгресі өтіп жатыр
Шымкент қаласында Қазақстан математиктерінің алғашқы конгресі өтіп жатыр. Іс-шара «Digital Qazaqstan» стратегиясын іске асыру аясында ұйымдастырылған және білім экономикасын қалыптастыру мен жасанды интеллектке негізделген экономиканың архитектурасын дамытуға бағытталған. Форумда

Шымкент қаласында Қазақстан математиктерінің алғашқы конгресі өтіп жатыр. Іс-шара «Digital Qazaqstan» стратегиясын іске асыру аясында ұйымдастырылған және білім экономикасын қалыптастыру мен жасанды интеллектке негізделген экономиканың архитектурасын дамытуға бағытталған.
Форумда математика рөлінің қазіргі кезеңде айтарлықтай өзгеріп отырғаны атап өтілді. Бүгінде ол тек ғылыми сала ретінде емес, экономика, технология және мемлекеттік басқарудағы шешімдердің негізі ретінде қарастырылады. Үлкен деректер, жасанды интеллект және цифрлық модельдер математикалық базаға сүйенеді.
Конгресс барысында AI4Math және Science of AI бағыттарының дамуы, жасанды интеллекттің ғылыми зерттеулердегі рөлі талқыланды. Сонымен қатар Қазақстан үшін технологиялық дамудың маңызы, ұлттық математикалық базаны күшейту, кадр даярлау және ғылыми-инфрақұрылымды дамыту мәселелері көтерілді.
Іс-шарада халықаралық тәжірибе де назарға алынып, технологиялық көшбасшылыққа қол жеткізу үшін математикалық мәдениет, ғылыми мектептер және жүйелі мемлекеттік саясаттың маңызы атап өтілді.
Фото: Ғылым және жоғарғы білім министрлігі
Related

News
Қазақстандық Ләззат Алшинова беделді «The Women Noble Prize 2026» сыйлығының лауреаты атанды
Жаннұр Еділбаева·

News
Айгуль Забирова: «Выборы в Курултай станут началом работы новой, более адаптивной парламентской модели»
Жаннұр Еділбаева·

News
Аида Балаева Азамат Омаровтың ұсталуына қатысты пікір білдірді
Айғаным Нариманова·

News
Осужденный по делу Салтанат Нукеновой брат Бишимбаева освобожден по амнистии
Жаннұр Еділбаева·