Шымкенттегі Орталық стадионда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған садақ ату жаттығуында жебе секция аумағынан шығып кетіп, жасөспірімнің бүйіріне қадалған, деп хабарлайды Todayinfo.
Болған оқиғаны полиция растады.
Жарақат алған бала жедел жәрдеммен дереу ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап, өміріне қауіп жоқ екенін мәлімдеді.
Құқық қорғау органдары оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастап кетті. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.




