Шымкенттің туристік әлеуетін дамытуда жаңа инновациялық тәсілдер қажет – Аида Балаева
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында шаһардың туристік әлеуетін саралап, қоғамдық кеңістіктердің даму барысымен танысты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Сапар барысында Премьер-министр

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында шаһардың туристік әлеуетін саралап, қоғамдық кеңістіктердің даму барысымен танысты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Сапар барысында Премьер-министрдің орынбасары Шымкент цитаделіне барып, музей экспозицияларын аралады және тарихи-мәдени мұраны сақтаудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ этноауылда болып, мұндай нысандарды архаикаға бой алдырмай, заманауи, креативті әрі инновациялық форматта дамыту қажеттігін айтты.
Қалалық мәдениет, гастрономия және креативті индустрия салаларындағы бірқатар жобалар таныстырылған Арбат жаяу жүргіншілер аллеясының әлеуетімен танысу барысында Аида Балаева осы аумақта бос жұмыс орындары жөніндегі өзекті ақпарат пен жастарға арналған маусымдық кәсіптік бағдар беру материалдары ұсынылатын жұмыспен қамту орталығын орналастыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Сонымен қатар креативті ортаны дамытуға, жас таланттарды қолдауға және мәдени мұра мен инновациялық тәсілдер үндескен заманауи қалалық инфрақұрылымды қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Related

News
ЦИК аккредитовала еще 10 международных наблюдателей на выборы
Жаннұр Еділбаева·

News
Орталық сайлау комиссиясы тағы 10 халықаралық байқаушыны аккредиттеді
Жаннұр Еділбаева·

News
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
Жаннұр Еділбаева·

News
«КИСИ GPS»: в Петропавловске обсудили новую Конституцию и роль регионов в ее реализации
Жаннұр Еділбаева·