Шырпыдан шыққан шатақ: Оңтүстік Кореяда 26 адам мен 4 мың ғимараттың өртенуіне 56 жастағы тұрғын себепкер болды
Оңтүстік Кореяның Кёнсан-Пукто провинциясында болған жойқын орман өртіне 56 жастағы ер адам басты күдікті ретінде ұсталды, деп хабарлайды Todayinfo Hankyoreh басылымына сілтеме жасап. Ол Ыйсон ауданындағы сынған ағашты сіріңкемен өртемек болғанда, жалын бақылаудан шығып, үлкен өр

Оңтүстік Кореяның Кёнсан-Пукто провинциясында болған жойқын орман өртіне 56 жастағы ер адам басты күдікті ретінде ұсталды, деп хабарлайды Todayinfo Hankyoreh басылымына сілтеме жасап.
Ол Ыйсон ауданындағы сынған ағашты сіріңкемен өртемек болғанда, жалын бақылаудан шығып, үлкен өртке ұласқаны анықталды.
56 жастағы азамат «Орманды қорғау туралы» заңды бұзды деген күдікпен 30 наурызда қамауға алынбастан ұсталды. Тергеу барысында оның қызы әкесіне қарсы куәлік беріп, өрттің әкесінің әрекетінен басталғанын растады.
Өрт Ыйсоннан басталып, Андон, Чхонсоне, Анян және Йондок аудандарына тарады. 28 наурызда Кёнсан-Пукто полициясы істі жергілікті биліктен алып, өз бақылауына алды. Тергеу жұмыстары жалғасуда.
Бұл өрт Оңтүстік Корея тарихындағы ең ауқымды өрттердің бірі болды. Салдарынан 26 адам, оның ішінде тікұшақ ұшқыштары, өрт сөндірушілер және жергілікті тұрғындар қаза тапты. 4 мыңнан астам ғимарат жойылып, ұлттық реликвия – Гоунса храмы өртеніп кетті. Жалын 45 157 гектар аумақты шарпыды, бұл Сеул аумағының 75 пайызына тең.
Related

News
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·