Уәде беріп, орындамаған: Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі алаяқтық ісі бойынша сотқа тартылды
Фото: Әшкере Астанада әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі Аңсар Қажымұқанұлына қатысты аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айыппен сот процесі басталды,деп хабарлайды todayinfo.kz Ол біреудің есірткіге байланысты қылмыстық ісін «жабуға» уәде беріп, 50 мың доллар алған, бірақ уә

Фото: Әшкере
Астанада әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі Аңсар Қажымұқанұлына қатысты аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айыппен сот процесі басталды,деп хабарлайды todayinfo.kz
Ол біреудің есірткіге байланысты қылмыстық ісін «жабуға» уәде беріп, 50 мың доллар алған, бірақ уәдесін орындамаған.
Қылмыстық істің мән-жайы
🔹 Ұлытау облысындағы ғылыми-әдістемелік орталықтың бас бухгалтері қызының есірткімен ұсталуына байланысты полицияға пара бермек болған.
🔹 Ол 50 мың долларды екі бөліп төлеген, бірақ істің шешілмегенін түсінген соң, ақшасын қайтаруды талап еткен.
🔹 Осы оқиғада оған уәде берген Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі – Аңсар Қажымұқанұлы болып шықты.
🔹 Тергеу мәліметіне сәйкес, Аңсар полицияда ешқандай байланысы болмаған және ақшаны жеке басының пайдасына жұмсаған.
🔹 Ол 50 мың доллардың 28 мыңын қайтарған, бірақ қалғанын өзінде қалдырған.
Журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында Сиви Махмұди бұрынғы күйеуінен көрген қорлығы туралы айтып, тіпті қауіпсіздігі үшін басқа қалаға көшкенін мәлімдеген болатын.
Related

News
Алматыдағы перзентханада көз жұмған жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды
Айғаным Нариманова·

News
Мұхтар Жәкішевтің қызы шетелдікке тұрмысқа шықты
Айғаным Нариманова·

News
Алматыда Қырғызстанның экс-премьерінің ұлы қамауға алынды
Айғаным Нариманова·

News
Житель Павлодара пытался поджечь подъезд жилого дома
Жаннұр Еділбаева·