«Соңғы 10 жылда болмаған көрсеткіш»: Смайылов қызылша ауруы туралы айтты
Елімізде қызылша ауруының таралуы әсіресе балалар арасында жиілеп отыр. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды Todayinfo.kz Кazinform. –ға сілтеме жасап. «Жұқпалы ауруларды азайту шаралары Үкіметте бірнеше рет қаралды. Кең таралған вирус

Елімізде қызылша ауруының таралуы әсіресе балалар арасында жиілеп отыр. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды Todayinfo.kz Кazinform. –ға сілтеме жасап.
«Жұқпалы ауруларды азайту шаралары Үкіметте бірнеше рет қаралды. Кең таралған вирустық инфекциялар бойынша да көрсеткіштер (В вирусты гепатиті, ротавирусты инфекция, дизентерия және т.б.) төмендеді», - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.
Үкімет басшысы елімізде қызылшаның әдеттен тыс таралуына алаңдатушылық білдірді.
«Өткен жылдан бері елімізде қызылшамен ауырғандар саны айтарлықтай өсіп кетті. Ол соңғы 10 жылда болмаған көрсеткішке жетіп отыр . Олардың 80%-ке жуығы – 14 жасқа дейінгі балалар. Ауырғандардың көпшілігі – тиісті екпе алмағандар. Екпе алмаған науқастардың ауруы асқынып кету қаупі жоғары. Мұндай жағдайлар қазірдің өзінде тіркеліп отыр», - дейді ол.
фото: ғаламтордан
Todayinfo.kz
Related

News
Проект Almaty SuperSki переходит к этапу практической реализации: Совет директоров принял ряд решений
Жаннұр Еділбаева·

News
Совет директоров холдинга «Байтерек» утвердил решения по расширению финансирования реального сектора экономики
Жаннұр Еділбаева·

News
В Индии скончался 16-летний пациент: его мать добивается перевозки биоматериала в Казахстан
Жаннұр Еділбаева·

News
Бывший актив Боранбаева окончательно закрепили за «КазМунайГазом»
Жаннұр Еділбаева·