Маңғыстау облысының әкімі көңілдесінен бала таптырған. Экс-депутат Ынташ Наурызова Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ізіне адам салып, қорқытып жүргенін айтты, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Ал заңсыз некеден бала тапқан келіншек ұлының әкесі Маңғыстау облысының әкімі екенін ашық жариялаған.
Енді экс-депутат Тоқаевтан көмек сұрап отыр.
Әйел әкімге "баламыздың тегі болсын, араласып тұр, уәдеңді орында" деген екен.
Алайда әкім керісінше оны қорқытып, соңына адам салып қойыпты. Ол әкімнің кесірінен барлық есік жабылып, соңынан түрлі өсек тарап жатқанын айтты.
Аталған жағдайға қатысты облыс әкімдігінен мән-жайды сұрап білген.
Алайда әкімдіктегілер бұл басшының жеке мәселесі екенін айтып, ресми жауап беруден бас тартты.
Бұған дейін Ынташ Наурызова осындай мәлімдемелер жасап, әкімнің алимент төлемейтінін айтқан еді.
Сол кезде Нұрдәулет Қилыбай бұл ақпаратты растамаған, жоққа да шығармаған.




