Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Соңында өшпес із қалдырды»: министр Балаева ақын Темірхан Медетбектің қазасына көңіл айтты

Қазақтың тағы бір ақыны бақилық болды. Белгілі ақын Темірхан Медетбек 80 жасына қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Темірхан Медетбек - 1945 жылы наурызда Түркістан облысы, Түркістан ауданы, Аманкелді атындағы колхозда дүниеге келген. Түрк

By Жаннұр Еділбаева··2 min read
«Соңында өшпес із қалдырды»: министр Балаева ақын Темірхан Медетбектің қазасына көңіл айтты
Қазақтың тағы бір ақыны бақилық болды. Белгілі ақын Темірхан Медетбек 80 жасына қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Темірхан Медетбек - 1945 жылы наурызда Түркістан облысы, Түркістан ауданы, Аманкелді атындағы колхозда дүниеге келген. Түркістанда орта мектепті бітірген соң, педагогикалық институттың тіл және әдебиет факультетінде оқыған. Қазақ телевидениесінде қатардағы редактор, Маңғыстаудағы барлау экспедицияларында жұмысшы, одан соң облыстық газетте журналист, бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағының сол облыстағы әдеби кеңесшісі, «Егемен Қазақстан» газетінің Маңғыстау облысындағы тілшісі, Маңғыстау облыстық радиотелевидение комитетінің төрағасы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы, «Ақиқат», «Жұлдыз» журналдарының бас редакторы болып қызмет еткен.
«Қазақ әдебиетінің тағы бір бәйтерегі құлады. Халық жазушысы, көрнекті қаламгер, алаш жырының алдаспанына айналған Темірхан Медетбек ағамыз келместің кемесіне мініп, бақиға аттанды. Барша қазақ еліне, ақынның ағайын-туыстары мен отбасына қайғыра көңіл айтамын. Темірхан Медетбек — өз заманының азаматтық үнін жеткізген, ұлттық болмыс пен тарихтың жарқын жыршысы бола білген үлкен жүректі ақын еді. Оның поэзиясы елдік пен ерлік рухын биікке көтеріп, ар мен намыс, ел мен жер туралы өршіл ой-толғамдарымен ұрпақ санасына терең сіңді. Темірхан ағамыз отты әрі асқақ жырларымен көк түріктер сарын қайта жаңғыртып, қазақ әдебиетін жаңа биікке көтерді. Кейінгі буын жастарға жылы сөзін айтып, ұдайы қолдау білдірді. Соңында өшпес ізін, соны қолтаңбасын қалдырды. Сексеннің сеңгірінен асып, халықтың ыстық ықыласына бөленіп, ғибратты ғұмыр сүрді. Ұлт руханиятының дамуына сүбелі үлес қосып, еселі еңбек еткен қаламгердің жарқын бейнесі жұртшылықтың жадында мәңгі сақталады деп сенемін. Қош болыңыз, Темірхан аға! Жатқан жеріңіз жарық, топырағыңыз торқа болсын! Алла рақымына алсын. Рухыңыз шат болғай!», — деп жазды Аида Балаева.
Ол «Жанымның жапырақтары », «Сапар алдында», «Алыс шақырым дар», «Мәртебе», «Әуедегі толқындар », «Дауыс », « Көгершін қауырсындары», «Аңқа кептірген аңызақ», «Сырым бар саған айтатын», «Тағдырлы жылдар жырлары», «Көк түріктер сарыны» секілді оннан астам жыр жинақтарының авторы. «Менің Абайым», «Баба дәстүрдің мұрагері кім?», «Сегіз қырлы сексен сырлы әлем бүл» атты сын кітаптары, «Толғауы тоқсан дүние» атты публицистикалық ойтолғаулар мен эсселер кітабы жарық көрген. Өлеңдері қырғыз, өзбек, украин, орыс, қытай, татар тілдеріне аударылған. Пушкин, Лермонтов, Якуб Колас, Янка Купала, Леся Украинка, Радован Загович, Бодлер, Верхарн, Пабло Неруда, Незвал, Эркин-Вахидов, Кулаковский сияқты ақындардың өлеңдерін, сондай-ақ Генрих Бельдің «Иесіз үй» романы мен Владимир Набоковтың бірнеше шығар маларын тәржімалаған. 1983 жылы «Көгершін қауырсындары» атты өлең кітабы үшін Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының, ал 2000 жылы «Тағдырлы жылдар жырлары» кітабы үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты болды. Бейбарыс атындағы сыйлықтың иегері. «Құрмет» орденімен, бірнеше ме дальдармен, Құрмет грамоталармен марапатталған.

Related