Todayinfo.kz
NewsView all articles

Сот орындаушылар жем өндіру зауытының құрылысын негізсіз шектеген

Астана прокуратурасына «Ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жем өндіру зауытының» өкілі «Astana Green Agro» ЖШС шағым түсірген. Сот орындаушылар «Astana Green Agro» құрылысына негізсіз шектеу қойып, 4 айдан астам уақыт жұмысын тоқтатып қойған. Аталмыш кәсіпорын зауыттың құрылы

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Сот орындаушылар жем өндіру зауытының құрылысын негізсіз шектеген
Астана прокуратурасына «Ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жем өндіру зауытының» өкілі «Astana Green Agro» ЖШС шағым түсірген.

Сот орындаушылар «Astana Green Agro» құрылысына негізсіз шектеу қойып, 4 айдан астам уақыт жұмысын тоқтатып қойған. Аталмыш кәсіпорын зауыттың құрылысына 2 млрд теңге инвестиция салу жоспарланған. «Ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жем өндіру зауытының құрылысы» жобасы жүзеге асса, 100 жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр.

Инвестор бүгінгі таңда өз қаражатынан 900 млн теңгеге жуық инвестиция жұмсаған.

Прокурордың араласуымен қадағалау актісі бойынша сот орындаушысының шектеу шаралары жойылды. Жұмыс жалғасын тапты.

 

Related

Сот орындаушылар жем өндіру зауытының құрылысын негізсіз шектеген · Todayinfo