Todayinfo.kz
NewsView all articles

Ағайындарының атына рәсімдеген: Қайрат Қожамжаров туыстарының 2,6 млрд теңгелік мүлкі бұғатталды

Қожамжаровтар әулеті қыспақта: Сот туыстарының миллиардтаған мүлкін бұғаттады Алматыда экс-бас прокурор әрі бұрынғы қаржы полициясының басшысы Қайрат Қожамжаров тың жақындарына қатысты ірі сот процесі өтті. Медеу аудандық соты танымал шенеуніктің туыстарының жалпы құны 2,6 миллиа

By Мейіржан Әуелханұлы··2 min read
Ағайындарының атына рәсімдеген: Қайрат Қожамжаров туыстарының 2,6 млрд теңгелік мүлкі бұғатталды

Қожамжаровтар әулеті қыспақта: Сот туыстарының миллиардтаған мүлкін бұғаттады

Алматыда экс-бас прокурор әрі бұрынғы қаржы полициясының басшысы Қайрат Қожамжаровтың жақындарына қатысты ірі сот процесі өтті. Медеу аудандық соты танымал шенеуніктің туыстарының жалпы құны 2,6 миллиард теңгеге жуықтайтын активтеріне тыйым салу (арест) туралы шешім шығарды.

Миллиардтар дауы: Кімдер жауапқа тартылды?

Соттың 17 қарашадағы ұйғарымына сәйкес, бұғаттау шаралары Дулат Пернешұлы Қожамжаров пен Гүлназ Сағатбекқызы Қожамжароваға тиесілі жылжымалы және жылжымайтын мүліктерге қатысты қолданылды.

Талап арызды «Қазақстан Халық банкі» АҚ түсірген. Банк ірі көлемдегі қарызды қайтаруды талап етіп отыр. Арестке ілінген активтердің қатарында мына компаниялар бар:

  • «Ойл Снаб» компаниялар тобы» ЖШС;

  • «HILL Resources» ЖШС;

  • «HILL Invest» ЖШС;

  • «AvtoTechMas Ltd» ЖШС.

Сот шешіміне сай, жауапкерлерден талап етілген негізгі сома – 2,55 млрд теңге болса, мемлекеттік баж салығы 76,5 млн теңгені құраған. Нәтижесінде, жалпы сома 2 миллиард 627 миллион теңгеге жетіп жығылды.

Бұл – алғашқы сот емес

Айта кетейік, Қайрат Қожамжаровтың туған інісі Дулаттың ісі сотта бірінші рет қаралып жатқан жоқ. Бұған дейін, қазан айының соңында «ҚТЖ-Жолаушылар локомотивтері» серіктестігі «High Industrial Lubricants & Liquids Corporation» ЖШС-не қарсы сотта жеңіске жеткен болатын.

Ол кезде сот экс-шенеуніктің інісінің фирмасынан 45 млн теңге авансты және 50 млн теңге айыппұлды өндіріп алуды міндеттеген еді.

«Ескі Қазақстан» өкілдері тергеуде

Қазіргі уақытта Қайрат Қожамжаровтың өзіне және оның командасына қатысты сыбайлас жемқорлық бойынша ауқымды тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Бұған дейін оның сенімді серіктері саналған Талғат Татубаев қамауға алынса, прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің экс-басшысы Олеся Кексель үйқамақта отыр. Ал атышулы «Хоргос ісі» бойынша негізгі куәгер болған, кейін тапсырыспен кісі өлтіруге қатысы бар деп танылған «Бетон» лақап атты Талғат Махатов ұзақ жылға сотталды.

Соңғы деректер бойынша, жемқорлық ісі бойынша күдікке ілінген Қайрат Қожамжаровтың өзі Мәскеуде бой тасалап жүргені хабарланған болатын. Құзырлы органдар тергеу амалдары жалғасып жатқанын алға тартады.

Related

Ағайындарының атына рәсімдеген: Қайрат Қожамжаров туыстарының 2,6 млрд теңгелік мүлкі бұғатталды · Todayinfo