Бүгінгі таңда 2 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек төленіп отыр. Нәтижесінде, қабылданған шаралардың арқасында ауылдық жерлерде тұратын қызметкерлердің құқығы қорғалды.- Қызылжар, Ғ.Мүсірепов, Мамлют, Шал ақын, Тайынша аудандарында «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заң талаптарына қайшы, ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы 5 мың маманға коммуналдық қызметтер мен отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек төлеу көзделмеген. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша, мәслихаттардың шешімдерінде жоғарыда аталған төлемдер көзделген. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар мамандар үшін 115,1 млн теңге сомасына бюджет қаражатын бөлді, – деп қосты ведомство.
СҚО-да 5 мың маманға коммуналдық қызметтер үшін әлеуметтік көмек төленбеген
Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары ауыл қызметкерлерінің құқығын қорғады. Прокуратура органдары азаматтардың құқығы мен мүддесін қорғау бойынша жүйелі негізде жұмыс жүргізіп жатыр. Талдау шеңберінде қызметкерлердің әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз етілмегенд

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары ауыл қызметкерлерінің құқығын қорғады.
Прокуратура органдары азаматтардың құқығы мен мүддесін қорғау бойынша жүйелі негізде жұмыс жүргізіп жатыр. Талдау шеңберінде қызметкерлердің әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз етілмегендіктерінен құқықтарының өрескел бұзылуы анықталды, деп мәлімдеді облыстық прокуратура.
Related

News
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

News
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

News
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

News
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·