СҚО-да антикор жауап алғаннан кейін білім бөлімінің қызметкері суицид жасаған
Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов оның куәгер болғанын айтады, деп хабарлайды Todayinfo Ulysmedia.kz -ке сілтеме жасап. Солтүстік Қазақстан облысында аудандық білім бөлімінің қызметкері сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте жауап алынғаннан кейін өз-өзіне қол салған. Бі

Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов оның куәгер болғанын айтады, деп хабарлайды Todayinfo Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысында аудандық білім бөлімінің қызметкері сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте жауап алынғаннан кейін өз-өзіне қол салған. Бірақ антикор оның қылмыстық іс бойынша күдікті болмағанын хабарлайды.
– СҚО-да қылмыстық іс бойынша айыпталушының қарамағындағы адам антикор департаментінде жауап алуға қатысып, кейін өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат пайда болды. Ол бұл іске куәгер ретінде қатысып, облыс бойынша емін-еркін жүрген. Полиция өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, - деді брифингте антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов.
Оның айтуынша, марқұмның бастығы, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының білім бөлімінің басшысы делдал арқылы 1,2 млн теңге пара алды деген күдікке ілінген.
– Ол мектептердің бірін күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін мердігер ұйымның өкілінен пара алған. Қамауда отыр, – деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз хатшысы.
фото: ашық дереккөзден
Todayinfo.kz
Related

News
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

News
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

News
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

News
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·